Мазмұнға өту
qandastar.

Қарағанды облысында гараждағы өрттен жасөспірім көз жұмды

Малика Хамит · · 912 қаралым
Қарағанды облысында гараждағы өрттен жасөспірім көз жұмды

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында гараждардың бірінде шыққан өрт салдарынан жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, оқиға 19 мамыр күні сағат 20:27-де Молодёжная көшесінде орналасқан гараждардың бірінде болған.

Өрт кезінде гараж шатырының ағаш торкөздері, пайдаланылған заттар және гараж ішіндегі екі мотоциклдің жанғыш бөлшектері өртенген. Жалын шарпыған аумақ 20 шаршы метрді құрады.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар 2008 жылы туған жасөспірімнің мәйітін тапқан.

Сонымен қатар, күйік алған 2008 және 2009 жылы туған екі жасөспірім жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті қылмыстық іс тіркеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, гараж ішінде бензин құю кезінде ашық оттың әсерінен жанғыш сұйықтық булары тұтанып кеткен.

Бөлісу: Telegram WhatsApp