Мазмұнға өту
qandastar.

Қарағанды облысында қатты желден мектеп шатыры ұшып, мұржа құлаған (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 871 қаралым
Қарағанды облысында қатты желден мектеп шатыры ұшып, мұржа құлаған (ВИДЕО)

Өңірде қатты жел салдарынан тұрғын үйлер мен мектептің шатыры ұшып, ағаштар және пайдаланылмай тұрған мұржа құлаған, деп хабарлайды

порталы.

Синоптиктердің мәліметінше, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жеткен.

Қолайсыз ауа райының салдары ең көп Қарағанды қаласында тіркелді. Мұнда жел үш тұрғын үйдің шатырын ішінара ұшырып әкетіп, аулалардың бірінде тұрақта тұрған жеңіл автокөлікті зақымдаған. Сонымен қатар қаланың әртүрлі аудандарында ағаштар мен ірі бұтақтар құлаған
деп хабарлайды облыстық ТЖД.

Абай қаласында қатты жел екі бесқабатты тұрғын үйдің шатырын бүлдірді.

Осакаров ауданында желдің екпіні мектеп ғимаратының шатырын зақымдады.

Қарқаралы қаласында екі қабатты тұрғын үйдің шатырына зақым келді. Сондай-ақ осы жерде №2 жұмыс істеп тұрған қазандық аумағында пайдаланылмай тұрған металл мұржа құлаған.

Қауіпті шатыр бөліктері жедел түрде жойылды.

Қолайсыз ауа райы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Вечерняя Караганда (@vk_gazeta)
Дәйексөз

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Вечерняя Караганда (@vk_gazeta)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp