Мазмұнға өту
qandastar.

Қарағанды облысында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Бақытжан Мұса · · 81 қаралым
Қарағанды облысында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Қарағанды облысының Агроқалашық кентінде 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Мерекелік жиын Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №33 мекеме қызметкерлері, Мичурин ауылдық округі әкімдігі және 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің бірлесуімен ұйымдастырылды.

Іс-шара салтанатты шеру арқылы басталып, қатысушыларға мерекелік рух сыйлады. Жиын барысында Мичурин ауылдық округінің әкімі Е.Баймағамбетов, №33 мекеме бастығы Е.Карғалтаев және 6505 әскери бөлімінің 4-атқыштар батальонының командирі Т.Секибаев құттықтау сөз сөйлеп, Отан қорғаушылардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.

Сондай-ақ іс-шарада көп жыл бойы ҚАЖ саласында еңбек еткен Саят Аманжоловты құрметті зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті. Әріптестері оның еңбегін жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік жиын ел бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығын айшықтайтын маңызды басқосуға айналды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp