Қарқаралы ауданында жаңа жану ошақтары анықталған жоқ, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Жаңатоған ауылы маңындағы өрт аумағына таңғы сағат 08:00-де аэровизуалды барлау жүргізілді.
Тексеру барысында жаңа ашық жану ошақтары анықталмаған. Қазіргі таңда елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, өрт аумағына мониторинг жүргізуде.
Жағдай Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында.