Мазмұнға өту
qandastar.

Қарағанды – Жезқазған автожолында жөндеу жұмыстары басталды

Бақытжан Мұса · · 100 қаралым
Қарағанды – Жезқазған автожолында жөндеу жұмыстары басталды

Қарағанды – Жезқазған автожолының бір бөлігінде жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының облыстық филиалының мәліметінше, жұмыстар жолдың 4-шақырымында, яғни Қарағанды мен Ақтас аралығында жүргізілуде. Жоба аясында жолдың асфальтбетон жабыны жаңартылмақ.

Жөндеу жұмыстарына байланысты аталған учаскеде уақытша қолайсыздықтар болуы мүмкін. Осыған орай жүргізушілерден жол ережелерін сақтап, жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарау сұралды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp