Мазмұнға өту
qandastar.

Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды

Бақытжан Мұса · · 19 қаралым
Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданындағы Степной-3 шағын ауданында он қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтерден өрт шықты, дейді Qandastar.kz.

Оқиға орнына жеткен Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары барлау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығара бастады.

Өрт болған пәтерден бір ер адам құтқарылды. Сонымен қатар құтқарушылар 17 баланы қоса алғанда, 40 тұрғынды баспалдақ арқылы эвакуациялады.

ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт қысқа уақытта толық сөндірілді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp