Қарағандыда қылмыстың ізін жасыру үшін автокөлікті өртеп жіберді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды
порталы.
Оқиға түнгі уақытта болған. 63 жастағы қала тұрғынына тиесілі көлік белгісіз жағдайда өртеніп кеткен. Тергеу барысында бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, күдіктінің алдымен көліктің терезесін сындырғаны, кейін салонға тұтанған темекі тастағаны анықталды.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 37 жастағы Қарағанды тұрғынын қолға түсірді. Тергеу мәліметінше, ол бұған дейін аталған көліктен 1 мың АҚШ долларын ұрлап кеткенін мойындаған.
Полицияның алдын ала болжамы бойынша, күдікті ұрлықтың ізін жасыру мақсатында көлікті әдейі өртеген.
Қазір ұрлық және мүлікті қасақана бүлдіру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Қарағанды полициясы (@policeofkaraganda)