Қарағанды қаласында жол жөндеу жұмыстары кезінде қайғылы оқиға болып, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2 шілде күні сағат 14:30 шамасында Республика даңғылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мекеменің 62 жастағы қызметкері арнайы техниканы кері бағытта жүргізген кезде 53 жастағы әріптесін байқамай қағып кеткен.
Ауыр жарақат алған жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі – «Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.