Шымкентте TikTok-та тікелей эфирге шыққан 21 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Полиция әлеуметтік желілерді бақылау кезінде азаматтың тікелей эфирін анықтаған. Эфир барысында ол көрерменнің қаралы күнге қатысты сұрағына жауап беріп, қоғамға құрметсіздік танытатын сипаттағы сөздер айтқан.
Эфирге тағы екі азамат - 22 жастағы Абзал Мусурманқұл мен Бақдәулет Мустафа да қатысқан.
Сот шешімімен Нұрахмет Бердібай 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Ал үш азаматқа қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу туралы ресми ескерту жасалып, барлығы бір ай мерзімге полицияның профилактикалық есебіне қойылды.