Мазмұнға өту
qandastar.

Қаратал өзенінен жоғалған баланың мәйіті табылды

Малика Хамит · · 879 қаралым
Қаратал өзенінен жоғалған баланың мәйіті табылды

Талдықорғанда жоғалып кеткен ерекше күтімді қажет ететін 6 жастағы баланың денесі табылды, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы Жетісу облысының полиция департаменті хабарлады.

25 мамыр күні кешкі сағат 19:50 шамасында «102» арнасына 2019 жылы туған Данияр Айбектің жоғалғаны туралы хабарлама түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала шамамен сағат 19:30-да үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Хабарлама түскен бойда Шығыс шағын ауданында ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іздеу шараларына полиция қызметкерлері, кинологиялық қызмет, төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері мен еріктілер жұмылдырылды. Мамандар аулаларды, бос жатқан аумақтарды және Қаратал өзенінің жағалауын тексерген. Сонымен қатар тепловизоры бар дрон қолданылған.

Іздестіру жұмыстары түні бойы жалғасқан.

26 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында Қаратал өзенінде жүргізілген іздеу кезінде кәмелетке толмаған баланың денесі табылды.

Полицияның алдын ала мәліметінше, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Жетісу облысының полиция департаменті марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Сондай-ақ полиция ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және олардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жетісу Облысының Полиция Департаменті (@zhetysu.police)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp