Мазмұнға өту
qandastar.

Карина Мамаш бұрынғы жолдасының туысын да сотқа бермек

bahitzhanabzal · · 69 қаралым
Карина Мамаш бұрынғы жолдасының туысын да сотқа бермек

Фото:: Tengrinews.kz

Әйелін соққыға жыққаны үшін

дипломат Сәкен Мамаштың бұрынғы жары Карина Мамаш экс-күйеуінің туыстарын сотқа беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды

Оның айтуынша, олар оған жала жауып, әлеуметтік желілерде өз келісімінсіз оның және балаларының суреттерін жариялап жүр.

жазғандай, TikTok-та жарияланған видеода Сәкен Мамаштың ағасы Нұржан Мамаш Каринаға қатысты “жалған айыптау” үшін арыз түсіргісі келгенін, алайда Сәкеннің өзі оған рұқсат бермегенін айтқан.

Карина Мамаш туыстарына үндеу жасап:

Құрметті Нұржан Мамаш, менің атыма айтылған қорлау мен жала жабу – жай ғана хейт емес, заңбұзушылық. Барлық материалдар тіркеліп жатыр. Егер бұл жалғаса берсе, тиісті органдарға жүгінемін. Сонымен қатар менің және балаларымның суреттерін келісімімсіз жарияламауыңызды талап етемін
деді.

Ол сондай-ақ туыстарының әрекеті жағдайды одан сайын ушықтырып жатқанын айтып, қажет болса, барлық дәлелдерді сотта көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp