Қарағайлы кенті мен Қарқаралы қаласында «Қазақмыс» корпорациясы ұйымдастырған «Жасыл ойындар» экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Акцияның екінші күні спорттық жарыстар мен экологиялық шараларға 5-8 сыныпта оқитын 500-ге жуық оқушы қатысты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Қарқаралы қаласында оқушылар арасында футбол және волейболдан турнир ұйымдастырылды. Ал Қарағайлы кентінен келген балалар үшін «Қазақмыс» жарыс өтетін орынға дейін көлікпен қамтамасыз етті.
Қазақмыс
Спорттық жарыстар оқушылардың дене белсенділігін арттырып, командалық жұмыс пен өзара ынтымақтастық дағдыларын дамытуға бағытталды.
Турнир қорытындысында жеңімпаздарға медальдар мен кубоктар табысталды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға «Қазақмыстың» атынан спорттық киім, сөмке және спорттық құрал-жабдықтардан тұратын естелік сыйлықтар берілді.
Қазақмыс
Жарыстан кейін оқушылар сенбілікке шығып, Қарқаралы қаласындағы қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстарына қатысты. Осылайша спорттық бағдарлама экологиялық бастамамен жалғасып, балалар туған жерінің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосты.
«Жасыл ойындар» спорт пен экологиялық шараларды біріктіріп, оқушыларға жарысқа қатысумен қатар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты жұмыстарға атсалысуға мүмкіндік береді.
2026 жылғы «Жасыл ойындар» акциясы «Қазақмыс» қатысатын өңірлер — Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев, Шу және Қарқаралы қалаларында өтуде. Биыл іс-шараларға барлығы 2 620 оқушы қатысады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.
«Қазақмыс» өзі жұмыс істейтін өңірлердегі балалар мен жастардың бастамаларын қолдап, спортты дамытуға, қоғамдық белсенділік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеді.