Фото:
Адвокат Саида Тәуекел Шерзат Полаттың ісінде марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов не себепті өздерінен бас тартқанын түсінбей отырғанын айтты, деп хабарлайды
Айтбек Амангелді соңғы рет Қаржаубай Нұрымовты биыл 18 қаңтарда Алматыда көргенін айтады. Ол кезде Нұрымов қамаудан босап шыққан. Кеңседе кездескен кезде Қаржаубай “отбасыммен Өзбекстанға барып демалып келемін” деген. Бұған Айтбектер тарапы дұрыс қараған. Қаржаубай өзін барынша мазаламауды өтінген.
Біз оны аса қажеттілік болмаса, мазаламайық дедік. Бүкіл жұмысты өз мойнымызға алып, іске қатты кірісіп кеттік. Осыдан кейін үшінші адамдардан Талғардан көшіп кеткенін білдік. Байланысқа шыққымыз келді. Сол уақыттан бері ол кіммен кездесіп, не болғанын, кім ықпал еткенін білмейміз
Адвокат Саида Тәуекел Шерзаттың отбасымен онлайн режимде жұмыс істегенін айтады.
Біз отбасыға барынша бәрінен демалса екен деп ойладық. Себебі оның өзі (Қаржаубай) ешкіммен кездескісі келмеді. Сол себепті біз іс материалдарын барынша зерттеумен жүрдік. Қазір процессуалдық іс барысында бірнеше құжатқа қол қояр алдында, іспен танысар алдында қоңырау шалып едік, әзірге өкінішке қарай осындай ақпаратты естідік. Өзіміз түк түсінбей отырмыз. Өйткені арамызда ешқандай кикілжің жоқ еді
Адвокат ертең Қаржаубаймен кездескелі отыр.
Мен жалпы әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Олар күні-түні, демалыс күндері де, таңғы беске дейін жұмыс істеді. Қонаев қаласына қайта-қайта барды. Мұның бәрі шығын, денсаулық, энергияға да. Біз басқа істеріміздің бәрін ысырып тастап едік. Біздің басқа да адвокаттық жұмыстарымыз болған. Соған қарамастан, бірге алып жүрдік. Өз жұмысымызды біздің жәбірленуші тараптың мүддесі үшін барынша істедік. Ары қарай қандай шешім қабылданады – өз құқықтары. Алайда міндетті түрде хабарын береміз
Бұған дейін Шерзат ісінде Қаржаубай Нұрымов адвокаттарынан бас тартқаны
Еске салайық, бұған дейін тергеу толық аяқталып,
хабарлаған едік.
Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысты, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды.
ТЕРГЕУ БАРЫСЫ
Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізілді, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктілердің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылды.
Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді.
ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА
Былтыр 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған.
12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары