Мазмұнға өту
qandastar.

Қаржыгер: зейнетақы жинағының жеткілікті шегін көтеру қажет

Бақытжан Мұса · · 171 қаралым
Қаржыгер: зейнетақы жинағының жеткілікті шегін көтеру қажет

Қаржыгер Расул Рысмамбетовтің пікірінше, зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қатысты төменгі жеткілікті шек (шекті мөлшер) – қайта қарауды қажет ететін маңызды мәселе, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты 24.kz порталына сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, зейнетақы қорындағы қаражатты тұрғын үй сатып алу сияқты әлеуметтік мақсаттарға пайдалану азаматтарға қысқа мерзімде пайда әкелгенімен, ұзақ мерзімді салдарға да әсер етті. Соның бірі – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақ көлемінің азаюы.

Сарапшының пікірінше, зейнетақы жүйесіндегі қаражат болашақ табыс ретінде сақталуы тиіс. Ал оны жаппай шешіп алу жылжымайтын мүлік нарығына қысым түсіріп қана қоймай, азаматтардың болашақтағы зейнетақы мөлшерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

«Қысқа мерзімді әлеуметтік мәселені шешу үшін қабылданған шешімнің ұзақ мерзімді салдары бар. Көптеген адам бүгінгі қажеттілік үшін өз болашақ зейнетақысының бір бөлігін пайдаланды. Соның нәтижесінде кейбір азаматтар зейнетке шыққанда ең төменгі деңгейден де аз төлем алуы ықтимал. Сондықтан жеткілікті шекті көтеру – қордағы қаражатты сақтауға және азаматтарды тұрақты жарна төлеу мен жинақ мәдениетін қалыптастыруға ынталандыратын шара», – дейді Расул Рысмамбетов.

Бөлісу: Telegram WhatsApp