Қазақстан қор биржасында (KASE) 7 тамыз күні сағат 15:30-да өткен шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы жарияланды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Сауда нәтижесіне сәйкес, АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 2,22 теңгеге өсіп, 469,93 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 0,02 теңгеге төмендеп, 5,71 теңгеге жетсе, Қытай юанінің құны 0,14 теңгеге арзандап, 69,08 теңге болды.
Еліміздегі ақша айырбастау орындарында доллар 469,8–472 теңге аралығында, еуро 536,7–542 теңгеден, ал рубль 5,52–5,65 теңге аралығында саудалануда.
Сонымен қатар әлемдік мұнай нарығында да өсім байқалды. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 83,73 долларға дейін қымбаттаса, Нью-Йорктегі NYMEX биржасында WTI (Light) мұнайының бағасы 78,25 долларға көтерілді.
Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі 7 тамызға арналған ресми бағамды доллар үшін – 467,48 теңге, еуро үшін – 539,52 теңге, ал рубль үшін – 5,73 теңге деңгейінде белгілеген болатын.