Мазмұнға өту
qandastar.

KASE: Доллар бағамы 458,23 теңгеге дейін төмендеді

Бақытжан Мұса · · 10 қаралым
KASE: Доллар бағамы 458,23 теңгеге дейін төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 20 тамызда сағат 15:30-дағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 3,82 теңгеге төмендеп, 458,23 теңгені құрады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Сауда нәтижесінде Ресей рублінің бағамы 0,07 теңгеге өсіп, 5,47 теңгеге жетсе, Қытай юанінің бағамы 0,24 теңгеге төмендеп, 68,26 теңгені құрады.

Еліміздегі ақша айырбастау орындарында доллар 462,29–464,31 теңге аралығында, еуро 532,98–538,04 теңге аралығында, ал рубль 5,26–5,41 теңге аралығында сатып алынып, сатылып жатыр.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы да өсуін жалғастыруда. 20 тамыздағы күндізгі сауда-саттық барысында Brent маркалы мұнайдың құны 2,47%-ға қымбаттап, барреліне 93,88 долларды құрады. Ал WTI маркалы мұнай 2,61%-ға өсіп, бір баррелі 85,93 доллардан саудалануда.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк 20 тамызға арналған ресми бағамды жариялап, долларды – 462,22 теңге, еуроны – 536,50 теңге, ал рубльді – 5,43 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp