22 сәуірде Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша теңге нығая түсті, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 461,37 теңгені құрап, 3,23 теңгеге төмендеді. Сонымен қатар, рубль 6,15 теңгеге дейін арзандаса, юань 67,60 теңгеге дейін түсті.
Айырбастау пункттерінде доллар 461,4–463,9 теңге аралығында сатылып жатыр. Еуро бағамы 541,9–547,6 теңге болса, рубль 6,02–6,15 теңге шамасында.
Бұл күні әлемдік мұнай бағасы да төмендеді. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай 97,63 долларға дейін арзандады, ал Нью-Йорктегі NYMEX алаңында Light мұнайы 88,41 доллар болды.
Айта кетейік, таңертең Қазақстан Ұлттық Банкі доллар бағамын 464,73 теңге, еуроны 546,57 теңге, ал рубльді 6,19 теңге деңгейінде белгілеген еді.