Мазмұнға өту
qandastar.

Кәсіпкер: Адамдар сауда орындарынан зат сатып алуды қойды, маркетплейстерді жабуды ұсынамыз

bahitzhanabzal · · 423 қаралым
Кәсіпкер: Адамдар сауда орындарынан зат сатып алуды қойды, маркетплейстерді жабуды ұсынамыз

Фото: klerk.ru

Қазақстанда маркетплейстердің жылдық айналымы шамамен 1,8 трлн теңгені құрады, - деп хабарлайды qandastar.kz.

Қазір отандастар ресейлік және қытайлық маркетлейстерде сауданың көркін қыздырып жүр. Бұл ретте қазақстандық саудагерлер өздеріне қолдау танытуды сұрайды.

«Сауда жоқ! Не істейміз? Қазақстанда Ozon, Temu, Wildberries-ке тыйым салуды ұсынамыз. Олар әдеттегі сауданы ығыстырды. Сауда мүлде жоқ. Адамдар зат сатып алуды қойды. Бұрын-соңды мұндай нәрсе болған емес. Жаңа жылдан басталды. Егер интернет-дүкендер сатып алушыларды тартуды жалғастыра берсе, онда біз жай ғана кәсібімізді жабумыз керек. Ол нені білдіреді, сатушылар жұмыстан шығарылады, мемлекет салық алмайды!», - деп шағымданды кәсіпкер Facebook-те.

Сауалнаманың нәтижесінде қазақстандықтардың 67% - ы Wildberries-тен сатып алатыны анықталды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp