Кәсіпорындар ҚҚС өседі дегеннен бағаларды көтеріп, инфляцияны жеделдетуге себеп болған. Салдарынан азық-түлік пен қызмет саласында бағалар шарықтап кеткен, деп жазды
Бұл туралы Сенатта Салық кодексін талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі
Серік Жұманғарин
ҚҚС көтерілсе, біз инфляция 2,2%-2,3% көлемінде өсім береді деп жоспарлап отырмыз. Шын айтқанда, көптеген кәсіпорындар Салық кодексі келесі жылдың басынан күшіне енетініне қарамастан, бағаны көтеріп тастаған. Мұны ешкім жасырып жатқан жоқ. Тіпті кейбірі ҚҚС 20% болады деген есеппен көтерген. Сол себепті күтілетін инфляцияның бір бөлігін осы жылдан бастап ала бастадық. Салдарынан азық-түлік бағасы 9,6%-ға, азық-түліктің емес өнімдер 9%, қызметтер 16%-ға көтерілген. Десе де, біз олардың бағаларды бұдан ары көтеруіне жол бермейміз
Сондай-ақ министр индексация есебінен әлеуметтік осал топтардың ҚҚС-тің көтерілуінен зардап шекпейтінін айтып, сендірді. Ал 140 мың теңге көлемінде жалақы алатын азаматтардан табыс салығы алынбайтынын, салдарынан қазір жұмыс істеп жатқандардың тең жартысына, яғни 53%-ына жеңілдік жасалатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Сенат бірінші оқылымда Салық кодексін мақұлдады. Жаңа салық реформасына сәйкес ҚҚС 12%-дан
Бұл бюджетке қосымша 3-4 трлн теңге түсуіне жол ашады.