Мазмұнға өту
qandastar.

Қаскелеңде жасөспірімдер ер адамды аяусыз соққыға жыққан

Малика Хамит · · 439 қаралым
Қаскелеңде жасөспірімдер ер адамды аяусыз соққыға жыққан

Алматы облысының Қаскелең қаласында бір топ жасөспірім ересек ер адамды соққыға жықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарап, қоғам назарын аударды.

[video width="480" height="854" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/07/VID_20260703_130859_139.mp4"][/video]

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандардың барлығы анықталып, ұсталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдер көшеде ер адамға дене жарақатын салған. Полиция жәбірленушінің мас күйде болғанын хабарлады.

Оқиғадан кейін кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларын тиісінше тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар жәбірленуші ешкімге шағымы жоқ екенін айтып, полицияға арыз жазудан бас тартқан.

Қазіргі уақытта іс бойынша жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жолданды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp