Мазмұнға өту
qandastar.

Kaspi енді төлемді алақан арқылы қабылдайды

bahitzhanabzal · · 244 қаралым
Kaspi енді төлемді алақан арқылы қабылдайды

Kaspi жаңа төлем жүйесін —

Kaspi Alaqan

қызметін таныстырды. Енді тұтынушылар дүкенде

телефонсыз, интернетсіз және картасыз

, тек

алақанын сканерлеу арқылы

төлем жасай алады, деп хабарлайды

Жаңа сервистің таныстырылымы 31 қазанда Almaty Theatre сахнасында өтіп, оны Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушы

Михаил Ломтадзе

жария етті. Оның айтуынша, бұл инновациялық жүйе

2025 жылдың желтоқсанында

алдымен

Алматы қаласындағы сауда орталықтарында

, кейін бүкіл Қазақстан бойынша қолжетімді болады. Сонымен қатар,

банкоматтарда да алақан арқылы төлем жасау мүмкіндігі

қарастырылған. Kaspi серіктестері үшін алғашқы үш айда

0% комиссия

ұсынылады.

Ломтадзе жаңа әдістің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігіне баса назар аударды:

Бұл смартфонмен төлеуден де жылдам. Алғашқы рет қолданғанда ерекше әсер қалдырады. Технологияның негізінде Kaspi ID қауіпсіздік жүйесі жатыр, ал пайдаланушылар өз алақан ізін қалаған сәтте өшіре алады
деді ол.

Компания басшысының айтуынша, Алматыда қазірдің өзінде

20 мың арнайы құрылғы

орнатылған. Жаңа төлем жүйесін ең алғаш

UFC жауынгері Шавкат Рахмонов

сынақтан өткізді.

Михаил Ломтадзе сондай-ақ

алақанмен төлеу технологиясы Қытайда кеңінен тарала бастағанын

, алайда

Kaspi Alaqan

қазақстандық нарыққа бейімделіп, қосымша инновациялармен толықтырылғанын атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp