Фото: pixabay.com
Өлі шаяндар 4А шағын ауданға қарама-қарсы жағалаудан 500 метр қашықтықтан табылған.
Шаяндар өте көп, судың түбінде ұсақ балықтар да бар. Мүмкін зиянды бірдеңе төккен шығар
ESOMAR қауымдастығының өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов ұсақ балықтар мен шаяндардың өліміне теңізге зиянды заттардың төгілуі себеп болуы мүмкін деген болжам жасады.
Шаяндар бойынша маман емеспін, бірақ бейнежазбаға қарағанда, зиянды заттар рұқсатсыз төгілген болуы мүмкін. Бұл жерден судан және шаяндардан сынамалар алып талдау қажет
Мамандардың пікірінше, судағы оттегінің жетіспеушілігі де шаяндардың жаппай қырылуына себеп болуы мүмкін. Мәселен, моторлы қайықтардың дыбыстарынан қорқып, балдырлардың астына түсіп, жаппай жиналғандықтан оттегі жетіспей өлу ықтималдығы да бар.
Ал экология департаменті нақты себебін тексеру үшін судан сынамалар алатынын хабарлады.