Каспий теңізі акваториясында магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі тіркелді. Lada.kz мәліметіне сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарлады.
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының дерегінше, жер асты дүмпулері 17 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 12:53-те болған.
Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 18 шақырым тереңдікте орналасқан. Гипоорталық координаттары солтүстік ендіктің 38°35′24″ және шығыс бойлығының 49°33′0″ нүктесінде анықталған.
Жер сілкінісінің эпицентрі Ақтау қаласынан шамамен 577 шақырым қашықтықта орналасқан.
Бұл 2026 жылдың басынан бері Каспий теңізінде тіркелген 34-жер сілкінісі саналады. Ал осыған дейін өңірдегі соңғы жер асты дүмпулері 10 маусым күні тіркелген болатын.