Мазмұнға өту
qandastar.

Каспий теңізінде жер сілкінді

bahitzhanabzal
Каспий теңізінде жер сілкінді

29 шілде күні таңертең Каспий теңізінде жер сілкінді. Магнитудасы 3 баллды құрады, деп жазды Qandastar.kz

Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмология қызметі орталығының мәліметінше, дүмпулер Қазақстан уақыты бойынша сағат 06:07-де тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрінің координаттары: 40,43N, 51,60E. Эпицентрі 13 км тереңдікте орналасқан.

Еске сала кетейік, 27 шілдеде Каспийде жер сілкінісі болған еді.

Бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі тіркелген болатын.

23 шілдеде Абай және ШҚО аумағында, Алакөл көлінің жанында жерасты дүмпулері болды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp