Мазмұнға өту
qandastar.

Каспий теңізіне көлігін жуған азаматқа қомақты айыппұл салынды

bahitzhanabzal · · 910 қаралым
Каспий теңізіне көлігін жуған азаматқа қомақты айыппұл салынды

Ақтау тұрғыны бұрынғы «Нұр плаза» демалыс базасының маңында дөңгелектерін жуу үшін автокөлігін Каспий теңізіне дейін айдап барған, деп хабарлайды Qandastar.kz

Осы әрекеті үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) және 597-бабы (Көлік құралдарын тоқтату немесе қою қағидаларын бұзу) бойынша хаттамалар толтырылды.

Енді оған бірден екі айыппұл салынуы мүмкін: 20 АЕК (78 640 теңге) және 5 АЕК (19 660 теңге).

Бөлісу: Telegram WhatsApp