Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды
порталы.
Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
Ақтау гарнизонындағы оқиғаны тергеу үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір оқиға орнында Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүргізуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалған.
Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды
Еске салайық, 24 қыркүйекте Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметшіні толқын алып кеткен. Олардың 9-ы қаза тапты. Үш әскери қызметші құтқарылды, оның біреуі ауруханаға жатқызылды.
Қалған әскери қызметшілерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.