Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Іздестіру-құтқару операциясы аяқталды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 25 қыркүйекте сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары барысында сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылған.
Қайғылы оқиға оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде ауа райының күрт нашарлауынан болған. Салдарынан ашық теңізге 17 әскери қызметші кеткен.
Олардың үшеуі құтқарылғанымен, 14 әскери қызметші қаза тапты.
Қорғаныс министрлігі қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық және психологиялық тұрғыдан жан-жақты көмек көрсетілетіні хабарланды.