Мазмұнға өту
qandastar.

Каспийдегі әскери қызметшілердің қазасына байланысты шетел көшбасшылары Тоқаевқа көңіл айтты

Бақытжан Мұса · · 15 қаралым
Каспийдегі әскери қызметшілердің қазасына байланысты шетел көшбасшылары Тоқаевқа көңіл айтты

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу жиыны барысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр. Бұл туралы Ақорда хабарлады, дейді Qandastar.kz.

Жеделхаттарда шетел көшбасшылары қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан халқына қолдау білдіріп, осы қиын сәтте елмен бірге екенін жеткізген. Сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтқан.

Көңіл айту жеделхаттарын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Сербия Президенті Александр Вучич, Финляндия Президенті Александр Стубб және Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті То Лам жолдаған.

Сонымен қатар Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Бахрейн Корольдігінің Тақ мұрагері, Премьер-министрі Салман бен Хамад Әл Халифа, Ресей Федерациясының Татарстан Республикасы Раисы Рустам Минниханов және бірқатар халықаралық ұйымның жетекшілері көңіл айтты.

Қазақстан Президенті халықаралық қоғамдастықтың көңіл айтуы мен қолдауына ризашылығын білдірді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp