Мазмұнға өту
qandastar.

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз елге оралды

Бақытжан Мұса 83 қаралым
Видеодан скрин
Видеодан скрин

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан аман қалған атыраулық сарбаз Бекет Мырзағалиев әскери борышын аяқтап, туған жеріне оралды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бекетті Атырау әуежайынан ата-анасы, туған-туыстары мен достары күтіп алды. Жақындары сарбазды сағынышпен қарсы алып, оның аман-есен елге оралғанына қуанды.

Бекет Ақтау қаласындағы №29011 әскери бөлімінде қызмет атқарған. Қыркүйек айында Маңғыстау облысында әскери қызметшілер қатысқан қайғылы оқиға кезінде ол аман қалған сарбаздардың бірі болды.

Анасының айтуынша, Бекет медициналық мекемеге жатқызылмаған және жағалауға өз күшімен жеткен.

Әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Бекет Мырзағалиев мемлекеттік «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp