Мазмұнға өту
qandastar.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

bahitzhanabzal · · 104 қаралым
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды Qandastar.kz.  Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен. Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.
Бөлісу: Telegram WhatsApp