Мазмұнға өту
qandastar.

Қасым-Жомарт Тоқаев Синьхуа агенттігіне көлемді сұхбат берді

bahitzhanabzal · · 200 қаралым
Қасым-Жомарт Тоқаев Синьхуа агенттігіне көлемді сұхбат берді
2-4 шілде аралығында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
 NEGE. Сапар қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Синьхуа агенттігіне жазбаша сұхбат берді. «Әрине, жеке байланыстарды дамыту ынтымақтастығымызды тереңдетуге және екі мемлекет арасындағы қарым-қатынаста жаңа көкжиектерді ашуға маңызды серпін береді. Осы жылдар ішінде арамызда қалыптасқан шынайы достық және сенімді қарым-қатынастар жаңа ұлы мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді. Құрметті Төраға Си Цзиньпинмен кездесулерімізді ерекше жылылықпен еске аламын», - деді Мемлекет басшысы. «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы білім беру жүйесінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған прагматикалық көзқарасқа ерекше қызығушылықты атап өтті. Сондай-ақ ол қытай тіліне қатысты пікір білдірді. «Әлемдегі және Қытайдың өзіндегі де тез өзгеріп жатқан тенденцияларды ескере отырып, мен тілдік дағдыларымды сақтау үшін, сондай-ақ Қытайдың саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы соңғы тенденциялардан хабардар болу үшін үнемі қытай тілінде кітаптар оқимын», - деді Тоқаев.
Бөлісу: Telegram WhatsApp