Мазмұнға өту
qandastar.

«Қатарластарым пәтер, көлік, ақша алып жатыр»: Төрехан Сабырхан ренішін білдірді

bahitzhanabzal · · 45 қаралым
«Қатарластарым пәтер, көлік, ақша алып жатыр»: Төрехан Сабырхан ренішін білдірді

Қазақ боксшысы Төрехан Сабырханның Түркістан облысы құрамасынан кетуіне байланысты туындаған дау туралы оның жеке бапкері Ілияс Оралбеков егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды  Qandastar.kz.

Біздің Бауыржан есімді досымыз бар. Ол бізді Оралға шақырды. Сол кезде Төрехан – әлем чемпионы, төрт дүркін Азия чемпионы және бес дүркін Қазақстан чемпионы болатын. Соған қарамастан, ол Түркістан облысының атынан өнер көрсетіп жүрсе де, бірде-бір рет марапатталмаған. Сол себепті ол маған: "Ағай, менің қатарластарым пәтер, көлік, ақша алып жатыр, ал менде ештеңе жоқ", – деп ренішін білдірді. Оның сөзінің жаны бар еді: бірге жарысқа қатысып жүрген кейбір спортшылар жақсы сыйақы алып жатты. Сол себепті ол ренжіді. Біз Бауыржанмен хабарласып, сөйлестік. Ол: "Төреханға толық қолдау көрсетемін, барлық жағдайын жасаймын, талаптарыңызды орындаймын", – деді. Бірақ бұл ұсынысқа Атырау мен Орал қалаларының спорт басқармалары келіспеді. Содан кейін біз Шымкент қаласының әкіміне жүгіндік. Қазір бәріміз осындамыз. Бауыржан да Шымкентке келіп, бірлесе жұмыс істеп жатыр
деді бапкер.
Бөлісу: Telegram WhatsApp