Мазмұнға өту
qandastar.

Қауіпсіздік – басты назарда: Қазақмыс қызметкерлерді жаңа әдіспен оқытып жатыр

Малика Хамит · · 22 қаралым
Қауіпсіздік – басты назарда: Қазақмыс қызметкерлерді жаңа әдіспен оқытып жатыр

«Қазақмыс» компаниясы өндірістік қауіпсіздікті арттыруға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда.

Осы мақсатта Кадр даярлау және қайта даярлау орталығында өндірістік тәуекелдерді басқаруға арналған Qauipsizdik Start (QStart) бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

15 маусымнан бастап оқытуға Ұлытау облысындағы «Tranco Industrial Railways Transportations» компаниясының қызметкерлері де қосылды. Бағдарлама өндірісте туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді алдын ала анықтау, олардың салдарын бағалау және тиімді шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Оқу барысында қатысушылар нақты өндірістік жағдайларды талдап, төтенше жағдайларда әрекет ету машықтарын пысықтайды. Мамандардың айтуынша, мұндай тәсіл адам факторынан туындайтын тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама «Қауіпсіздік-2026» стратегиясына сәйкес жаңартылған. Сондай-ақ білімді тәуелсіз бағалау мен электронды сертификат беру жүйесі енгізілген.

Компания өкілдерінің мәліметінше, QStart бағдарламасы өндірістік тәуекелдерді басқарудың бірыңғай стандарттарын қалыптастырып, кәсіпорындардағы қауіпсіздік мәдениетін одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp