Мазмұнға өту
qandastar.

Қаза болған әскерилердің отбасыларына көмек көрсету үшін бірыңғай қор құрылды

Малика Хамит · · 30 қаралым
Қаза болған әскерилердің отбасыларына көмек көрсету үшін бірыңғай қор құрылды

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету тәртібі өзгерді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек жинау үшін бірыңғай ресми тетік белгіленді.

Облыс әкімдігіне әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай қолдау көрсеткісі келетін азаматтардан, кәсіпкерлер мен түрлі ұйымдардан көптеген өтініш түскен. Осыған байланысты қаражат жинау процесін бір жүйеге келтіріп, көмектің мақсатты әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігі арнайы ұйымды бірыңғай оператор ретінде анықтады.

Қаражат «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі арқылы қабылданады. Жиналған ақша тек қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсетуге жұмсалады.

Әкімдік мәліметінше, қордағы қаражаттың жұмсалуы қатаң бақылауда болады. Оның қызметі мен қаржы қозғалысын мемлекеттік және құқық қорғау органдары қадағалайды.

Бұған дейін Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына көмек ретінде 815 млн теңге жинағаны хабарланған.

Қайғылы оқиғадан қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсеткісі келетін азаматтар, бизнес өкілдері мен ұйымдар қаражатты төмендегі ресми реквизиттер арқылы аудара алады:

«Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі

БСН: 090140013447

Банк: «Alatau City Bank» АҚ

БСК: TSESKZKA

ЖСК: KZ03998PTB0000488655

Валюта: KZT

Әкімдік азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды. Қаражатты жеке банк карталарына, жеке тұлғалардың шоттарына немесе ресми түрде расталмаған басқа реквизиттерге аудармау қажет.

Бөлісу: Telegram WhatsApp