Мазмұнға өту
qandastar.

«Казахмыс» нысандарындағы ірі ұрлық: полиция қылмыстық топтарды қалай құрықтады

bahitzhanabzal · · 42 қаралым
«Казахмыс» нысандарындағы ірі ұрлық: полиция қылмыстық топтарды қалай құрықтады

Ұлытау облысында тәртіп сақшылары «Казахмыс» корпорациясының аумағындағы ұйымдасқан ұрлыққа қарсы күресті жалғастырып жатыр. Өткен жылдан бері кәсіпорын ішінде әрекет еткен бірнеше қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Liter.kz -ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс мәлімдеді. Қабылданған шаралардың арқасында келтірілген шығынның 94,5% қайтарылған. Тергеу барысында жергілікті криминалдық ортамен байланысы бар топтың қылмысы әшкереленді. Олар құрамында бағалы металдары бар кен қорытпаларын ұрлау схемасын ұйымдастырған. Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелері сотталып үлгерді.

Тек жыл басынан бері полиция қызметкерлері кәсіпорынға ірі көлемде материалдық шығын әкелген 4 ұрлықтың бетін ашты.

7 мамыр күні Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп компания аумағынан жанармай ұрлауға қатысты заңсыз әрекеттің жолын кестік. Жедел іс-шара барысында жанармай жымқырып оны сатуды ұйымдастырды деген күдіктілер ұсталды. Олардан 1 тоннадан астам отын, ірі көлемдегі ақша, көліктер, оқ-дәрісі бар қару және қылмысқа қатысты басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Ұрлық арнайы техниканы жалған құю және құжаттарды қолдан жасау арқылы іске асқаны анықталды. Оған қоса күзет құрылымдарындағы кейбір қызметкерлердің бұған көмектескені белгілі болды
деді Қуандық Алпыс.

Қазіргі таңда жедел-тергеу тобы қаржылық-шаруашылық құжаттарды тексеріп, шығынның нақты көлемін есептеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ұрланған дүниенің көлемі аса ірі болуы мүмкін.

Бөлісу: Telegram WhatsApp