Компания әлеуметтік және өңірлік бағыттағы жұмыстарын қатар дамытып келеді. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлады. Бірінші тоқсанда Ұлытау, Абай, Қарағанды облыстарының әкімдіктерімен және Жамбыл облысы Шу ауданымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға 44,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді.
Келісімдер аясында денсаулық сақтау, білім беру, спорт нысандарын салу және жаңарту, елді мекендерді абаттандыру, жергілікті бизнесті қолдау және инженерлік инфрақұрылымды дамыту көзделген.
Бұл бастамалар компания өзгерістерінің тек өндіріс саласымен шектелмей, қызметкерлердің отбасылары мен өңірлер алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті де қамтитынын көрсетеді.
Бірінші тоқсан қорытындылары «Казахмыс» компаниясында акционерлік құрылым мен басқару тәсілдері жаңартылғаннан кейін жұмыстың жүйелі үлгісі қалыптасып келе жатқанын байқатады. Қауіпсіздік талаптары күшейтіліп, орындау тәртібі жақсарды, инвестициялық белсенділік артты және еңбек ұжымымен ашық диалог орнатылды.
Алғашқы нәтижелер де айқын: өндірісте өлім-жітім жағдайлары тіркелмеді, жарақат алғандар саны азайды, ал негізгі өндірістік көрсеткіштер жоспардан асыра орындалды. Компания тиімділік, қауіпсіздік және еңбек жағдайларын біртұтас жүйе ретінде дамытуды жалғастырып келеді.
Толығырақ: kazakhmys_news.