Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақмыс» 2026 жылға өндірістік қауіпсіздікті күшейтетін жаңа бағдарлама бекітті

Малика Хамит · · 54 қаралым
«Қазақмыс» 2026 жылға өндірістік қауіпсіздікті күшейтетін жаңа бағдарлама бекітті

Компания басшылығы Жезқазған өңірінің еңбек ұжымымен өткен кездесуде қауіпсіздікті дамудың басты стратегиялық бағыты ретінде айқындады.

Бұл шешім арнайы жылдық жоспармен нақты бекітіліп, өндірістің барлық деңгейін қамтитын жүйелі өзгерістерді көздейді, деп хабарлайды

порталы.

Бағдарлама аясында:

  • жұмыс процестерін ұйымдастыру тәртібі жаңарады;
  • операциялық стандарттар қайта қаралады;
  • қызметкерлерді оқыту жүйесі күшейтіледі;
  • бақылау және тексеру тетіктері қатаңдатылады.

Ең жоғары тәуекел аймағы ретінде жерасты жұмыстарына ерекше назар аударылып, қосымша қауіпсіздік талаптары енгізіледі. Қауіпті операциялар тізімі нақты белгіленіп, олар бойынша стандарттарды қатаң сақтау міндеттеледі.

Сонымен қатар, қайталанатын жұмыстарға арналған бірыңғай стандартты операциялық рәсімдер енгізіледі. Бұл адам факторын азайтып, өндірістегі қателіктердің алдын алуға бағытталған.

Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру үшін ішкі коммуникация күшейтіледі: оқыту бейнематериалдары, ақпараттық графика, плакаттар, баннерлер және цифрлық арналар арқылы қызметкерлерге тәуекелдер мен олардың алдын алу жолдары тұрақты түсіндіріліп отырады.

Жаңашыл жобалардың бірі - ауысым алдындағы автоматтандырылған медициналық бақылау жүйесі. Ол қызметкерлердің жұмысқа дайындығын объективті бағалап, денсаулыққа байланысты қауіп-қатер деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, жаңа бағдарлама «Қазақмыстың» өндірістегі қауіпсіздікті тек талап емес, корпоративтік мәдениеттің негізгі құндылығы ретінде қалыптастыруға бағытталғанын көрсетеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp