Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақмыс 300-ден астам ағаш отырғызып, өңірлерде экологиялық акция өткізді

Бақытжан Мұса · · 180 қаралым
Қазақмыс 300-ден астам ағаш отырғызып, өңірлерде экологиялық акция өткізді

«Қазақмыс» Тобы «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған жобаларын жалғастырып келеді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады. Компания қалалық кеңістіктерді абаттандыру мен көгалдандыруға ерекше көңіл бөлуде.

Кезекті акция Астана қаласындағы №52 мектеп-гимназиясында өтті. Іс-шараға «Қазақмыс» Тобының басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі қатысып, қызметкерлермен бірге 200 түп ағаш отырғызды.

Экологиялық жұмыстар Қарағанды облысында да ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Шешенқара кентінде 30 түп, Бақты кентінде 50 көшет егілді. Сонымен қатар «Абыз» кенішінде 20 ағаш отырғызылып, Қарағанды құю-машина жасау зауытының аумағына тағы 20 көшет отырғызылды.

Бұдан бөлек, компанияға қарасты өңірлерде сенбіліктер өтті. Бір апта ішінде 800-ге жуық қызметкер 580 тоннаға жуық қоқыс жинап, арнайы техника көмегімен шығарды. Тазалық жұмыстары Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларын қамтып, Балқаш көлінің жағалауын да тазартуға бағытталды.

Аталған шаралар «Қазақмыс» Тобының экологиялық жауапкершілікті арттыруға және өңірлердегі қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.

Толығырақ: ҚАЗАҚМЫС.

Бөлісу: Telegram WhatsApp