«Қазақмыс» корпорациясы автопаркін ауқымды түрде жаңартуға кірісті.
Компания жұмыскерлерді тасымалдау сапасын жақсарту мақсатында 90 жаңа автобус сатып алды, деп хабарлайды
порталы.
Жоба компанияның серіктесі – «Tranco Express» ЖШС арқылы жүзеге асқан.
Жаңа техниканың қатарында 40 үлкен Yutong автобусы мен 50 шағын ПАЗ автобусы бар. Бұл көліктер тозығы жеткен ескі автобустардың орнын басады.
Жаңа автобустар қазірдің өзінде Ұлытау және Қарағанды облыстарындағы өндірістік алаңдар мен елді мекендер арасында бөлініп жатыр. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл өзгеріс жұмыскерлердің жолдағы жайлылығы мен қауіпсіздігін арттырады.
Автопаркті жаңарту – тек техника ауыстыру емес, бұл адамдардың қауіпсіздігіне салынған инвестиция
Компания мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта «Қазақмыс» жұмыс істейтін барлық өңірде автобустар кезең-кезеңімен жаңартылып, корпоративтік көлік паркі толық жаңарады.