Компания өкілдері Абай облысының әкімі Берік Уәлимен кездесіп, Аягөз ауданында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Кездесуде басқарма төрағасының кеңесшісі Әлібек Мұқатаев пен өңірлік даму департаментінің директоры Медет Дүйсембаев та болды.
Тараптар бұрын жасалған ынтымақтастық меморандумы аясындағы келісімдердің орындалу барысын қарастырды. Бұл құжат өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.
Жоспар бойынша, 2026 жылы жалпы құны шамамен 200 млн теңге болатын бірнеше жоба іске асырылады. Олардың ішінде ауылдық мәдениет үйін жөндеу, балалар ойын алаңын салу және Аягөз қаласында ипподром құрылысы бар.
Компания өз қызметі жүргізілетін аймақтарда әлеуметтік жобаларды тұрақты түрде қолдап келеді. Мұндай бастамалар «Қазақмыстың» ұзақ мерзімді даму стратегиясының маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.
Толығырақ: ҚАЗАҚМЫС.