Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақмыс» еңбек жағдайы мен әлеуметтік қолдауды кеңейтуде

Бақытжан Мұса · · 455 қаралым
«Қазақмыс» еңбек жағдайы мен әлеуметтік қолдауды кеңейтуде

«Қазақмыс» тобы еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және қызметкерлер мен олардың отбасыларын қолдау бағытындағы жұмыстарын жалғастырып жатыр. Компания өндірістік-тұрмыстық жағдайды жаңғырту, медициналық қамтамасыз ету, тұрғын үй бағдарламалары мен әлеуметтік көмек көрсету бойынша кешенді жобаларды іске асыруда. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

2026 жылы өндірістік бөлімшелер үшін жалпы құны 4,1 млрд теңгені құрайтын 90 Yutong және ПАЗ автобусы сатып алынды. Бұл қызметкерлерді тасымалдау қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар компания санитарлық-тұрмыстық нысандарды жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта санитарлық тораптар мен душ бөлмелерін қоса алғанда 81 нысанда жөндеу жұмыстары қолға алынған. Бағдарламаның жалпы құны – 2,4 млрд теңге. Жобаны 2026 жылдың желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған.

Вахталық қызметкерлерге арналған тұрмыстық орындарды жаңарту жұмыстары да жалғасуда. Оның ішінде киім ауыстыру бөлмелері, демалыс аймақтары мен жатақханалар бар. Бұдан бөлек, Нұрқазған байыту фабрикасы үшін 567 адамға арналған заманауи әкімшілік-тұрмыстық кешен салу жоспарланған. Жобаның құны 2 млрд теңгеден асады, ал нысанды 2027 жылы пайдалануға беру көзделіп отыр.

Компания медициналық инфрақұрылымды дамытуға да ерекше көңіл бөлуде. Жезқазған медициналық орталығы үшін 457 млн теңгеге заманауи кардиологиялық құрал-жабдықтар сатып алынуда. Сонымен бірге кәсіпорындардағы медициналық пункттер жаңартылып, жедел жәрдем көліктері паркі толықтырылмақ. 2026 жылы жалпы құны 2,5 млрд теңгеге 25 жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспарланған.

Әлеуметтік қолдау шаралары аясында 2026 жылдың басынан бері 5751 адамға көмек көрсетіліп, оған 989 млн теңге бағытталған. Материалдық көмек 2941 қызметкерге берілді. Сондай-ақ шипажайлық емдеу, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау және өндіріс ардагерлерін сауықтыру бағдарламалары жалғасып жатыр.

Тұрғын үй бағыты да кезең-кезеңімен дамып келеді. 2026 жылдың наурызында компания қызметкерлеріне 13 пәтер тегін берілді. Маусым айында жеңілдетілген бағамен 16 қызметтік пәтер ұсынылса, жыл соңына дейін Балқаш қаласында тағы 152 қызметтік баспананы тапсыру жоспарланған.

Компания қызметкерлердің отбасыларына да қолдау көрсетуді жалғастыруда. 2026 жылдың жазында 1200 қызметкердің баласы Щучинск пен Балқаштағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталықтарында демалады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 450 млн теңге бөлінген.

«Қазақмыс» еңбек қауіпсіздігіне, қызметкерлердің тұрмыс сапасына және әлеуметтік тұрақтылыққа бағытталған инвестиция көлемін кезең-кезеңімен арттыруды жалғастырып келеді.

Толығырақ: Қазақмыс.

Бөлісу: Telegram WhatsApp