Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақмыс» кеніштерді жаңғыртуға миллиардтаған теңге бағыттамақ

Малика Хамит · · 169 қаралым
«Қазақмыс» кеніштерді жаңғыртуға миллиардтаған теңге бағыттамақ

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жезқазған өңіріндегі өндірістік нысандарды жаңғырту және қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту бойынша бірқатар жобаны іске асыруда, деп хабарлайды

порталы.

Компанияның басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі өңірдегі өндірістік алаңдарды аралап, кеніштердің жұмысы, техникалық қамтамасыз ету және әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның жай-күйіне қатысты мәселелерді талқылады.

Қабылданған шешімдер аясында өздігінен жүретін тау-кен техникасын жөндеуге 6,7 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар өндірістік активтерді жаңғырту бағдарламасы бойынша жаңа техника сатып алу жоспары қайта қаралып, сенімділігі жоғары жабдықтарға басымдық берілмек.

Осы мақсатта 9,9 млрд теңгеге 19 бұрғылау қондырғысын сатып алу көзделген. Оның алғашқы сегізі жыл соңына дейін жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, кеніштерге арналған 25 заманауи реанимобиль сатып алынған. Жобаның жалпы құны – 2,5 млрд теңге.

Компания жұмысшылардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға да назар аударуда. Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі №65 шахтаның тұрмыстық корпусы мен әкімшілік-тұрмыстық комбинатының шатыры жөнделеді. Ал Батыс Жезқазған кенішінде бірнеше шахтаның әкімшілік-тұрмыстық кешендері, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері жаңартылады.

Сондай-ақ кәсіпорындарда арнайы киім, жеке қорғаныс құралдары және ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады. Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған шаралар да кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

Руслан Өскенәлі қабылданған шешімдердің барлығы нақты нәтиже беруге тиіс екенін атап өтті.

Біздің міндетіміз - тек өндірістік жоспардың орындалуын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар адамдарға еңбек ету үшін лайықты жағдай жасау. Барлық көтерілген мәселе нақты шешімін тауып, басшылықтың тұрақты бақылауында болуы тиіс
деді басқарма төрағасы.
Бөлісу: Telegram WhatsApp