Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақмыс қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылымды жаңартуда

Бақытжан Мұса · · 207 қаралым
Қазақмыс қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылымды жаңартуда

Қазақмыс компаниясының өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Соның аясында өндірістік және әкімшілік-тұрмыстық кешендердегі киім ауыстыратын бөлмелерге жаңа шкафтар орнатылып жатыр. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Жаңа шкафтар жұмысшылардың арнайы және жеке киімдерін ыңғайлы сақтауға арналған. Олар берік материалдан жасалып, пайдалану қолайлылығы, желдету жүйесі, гигиена және қауіпсіздік талаптары ескерілген.

Жаңарту бағдарламасы аясында Жыланды кенішіне 200, ал Жомарт кенішіне 300 жаңа шкаф орнату жоспарланған. Жалпы компания кәсіпорындары бойынша шамамен 6900 шкаф жаңартылады. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп, алдымен қызметкерлер саны көп өндірістік нысандар қамтылуда. Шкафтарды жеткізу және орнату жұмыстары биылғы шілде айына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Компания өкілдерінің айтуынша, қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайын жасау – әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты. Сонымен қатар өндірістік қауіпсіздік, өндірісті жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу де негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp