Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақмыс» қызметкерлері Кеңгір су қоймасының жағалауын тазартуға қатысты

tursynhan · · 7 қаралым
«Қазақмыс» қызметкерлері Кеңгір су қоймасының жағалауын тазартуға қатысты

Жезқазған қаласында ұйымдастырылған жалпы қалалық сенбілікке «Қазақмыс» тобының кәсіпорындары мен құрылымдық бөлімшелерінің 400-ге жуық қызметкері қатысты. Тазалық жұмыстарының негізгі бөлігі Кеңгір су қоймасының жағалауында жүргізілді, деп хабарлайды QANDASTAR ақпараттық агенттігі.

Компания қызметкерлері жағалауды тұрмыстық қалдықтардан, пластик пен шыныдан, сондай-ақ ірі көлемді қоқыстан тазартты. Жұмыстар барысында үш тиегіш пен төрт «КамАЗ» автокөлігі пайдаланылды.

Сенбілік қорытындысы бойынша жағалау аумағынан шамамен 46 тонна қалдық жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларға қатысу «Қазақмыс» компаниясының корпоративтік тәжірибесінің бір бөлігі болып саналады. Кәсіпорын қызметкерлері компания жұмыс істейтін өңірлерде экологиялық акциялар мен тазалық шараларына тұрақты түрде атсалысады. Бұған дейін де Топ жұмыскерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Кеңгір су қоймасының жағалауын тазалауға қатысқан.

Компания өндірістік қызмет жүргізетін өңірлердің тазалығын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған экологиялық жобалар мен бастамаларды қолдауды жалғастырады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp