Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақмыс өндірістік техниканы жаңарту жұмыстарын жалғастыруда

tursynhan · · 49 қаралым
Қазақмыс өндірістік техниканы жаңарту жұмыстарын жалғастыруда

«Қазақмыс» Тобы өндірістік үдерістердің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін күшейтуге бағытталған техника мен жабдықтарды жаңарту бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асырып келеді, деп хабарлайды QANDASTAR ақпараттық аггентігі.

Бағдарламаның кезекті кезеңі аясында компанияның өндірістік бөлімшелеріне 10 жаңа автокөлік тапсырылды. Жаңа техника Ұлытау және Қарағанды облыстарындағы өндірістік нысандарда пайдаланылатын болады.

Жеткізілген көліктердің қатарында Саяқ кенішінің байланыс учаскесіне арналған үш Toyota Hilux автокөлігі бар. Олар бұрынғы техниканың орнын басып, байланыс жүйелеріне қызмет көрсету, жабдықтарды күтіп ұстау және кеніш аумағындағы өндірістік міндеттерді орындау үшін қолданылады.

Сонымен қатар бес Toyota Hilux автокөлігі «Қазақмыс» корпорациясының «Q.I. Satbaev atyndagy Jezqazgan Tau-Ken ondirisi» филиалының Энергетика басқармасына берілді. Бұл көліктер жедел және жөндеу бригадаларын тасымалдауға, далалық жұмыстарды жүргізуге және өндірістік нысандардағы электр жабдықтарына қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Автопаркті жаңарту компанияның өндірістік активтерін кешенді жаңғырту бағдарламасының маңызды бағыты саналады. Бұған дейін «Қазақмыс» қызметкерлерді тасымалдауға арналған 90 жаңа автобус сатып алып, кеніш техникасын, өндірістік жабдықтар мен инфрақұрылымды жаңарту жобаларын жүзеге асыра бастаған болатын.

Компания өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, өндірістік үдерістердің сенімділігін арттыруға және қызметкерлер үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға басымдық бере отырып, көлік құралдары мен өндірістік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp