Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақмыс» «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, ауқымды сенбіліктер өткізді

Бақытжан Мұса · · 69 қаралым
«Қазақмыс» «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, ауқымды сенбіліктер өткізді

«Қазақмыс» тобы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылып, өз өңірлерінде ауқымды сенбіліктер өткізді. Бұл туралы Qandastar.kz порталы жария етті.

Фото: Қазақмыс

Экологиялық шаралар сәуірден мамырға дейін, яғни екі ай бойы жалғасады. Осы уақыт ішінде өндірістік нысандар мен елді мекендерде апта сайын аумақтарды тазалау, абаттандыру және қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізіледі.

Компания тек өз кәсіпорындарын ғана емес, қалалық ортаны да таза және жайлы етуге көңіл бөледі. Акция аясында «Қазақмыс» қызметкерлері көшелерді, іргелес аумақтарды және қоғамдық орындарды жинап, тазалайды.

Фото: Қазақмыс

Негізгі сенбіліктер 2–4 сәуірде Жезқазған, Қарағанды, Сәтбаев және Балқаш қалаларында өтті. Ауқымды шараларға 1100-ден астам қызметкер, сондай-ақ шамамен 100 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 95 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.

Шара барысында өндірістік аумақтар мен жолдар тазартылып, қалдықтар жиналып шығарылды, сонымен қатар көгалдандыруға дайындық жүргізіліп, ағаш отырғызылды. Самосвалдар мен тиегіш техниканың арқасында ірі қалдықтарды тез әрі тиімді өңдеу мүмкін болды.

«Таза Қазақстан» акциясына қатысу – «Қазақмыс» компаниясының жүйелі экологиялық саясатының маңызды бөлігі. Мұндай сенбіліктер тек тазалық үшін ғана емес, қоршаған ортаға жауапты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Толығырақ: KAZAKHMYS.

Бөлісу: Telegram WhatsApp