Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын күшейтті

Бақытжан Мұса · · 52 қаралым
«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын күшейтті

«Қазақмыс» Тобы Ұлытау облысында минералдық-шикізат базасын кеңейту мақсатында геологиялық барлау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Компанияның мәліметінше, зерттеу жұмыстары жұмыс істеп тұрған кен орындарының қапталдары мен терең қабаттарын, сондай-ақ Жезқазған кен орнының перспективалы учаскелерін қамтиды.

Ұлытау облысындағы барлау бағдарламасын «Kazakhmys Barlau» компаниясы жүзеге асыруда. Жоба аясында 50 мың қума метрден астам бұрғылау жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта оның шамамен 10 мың метрі орындалған. Жұмысқа бес бұрғылау қондырғысы тартылған.

Қазақмыс

Кен орнының қапталдарындағы бұрғылау жұмыстары аяқталған. Енді мамандар негізгі назарды терең қабаттар мен жер бетіне жақын орналасқан минералдану аймақтарын зерттеуге бағыттап отыр.

Жүргізіліп жатқан зерттеулер кен денелерінің жалғасуын нақтылауға, минералданудың перспективалы учаскелерін анықтауға және қосымша ресурстардың көлемін бағалауға мүмкіндік береді.

Қазақмыс

Барлау нәтижелері Жезқазған кен орнының ресурстық әлеуетін нақтылау және алдағы геологиялық жұмыстардың бағыттарын белгілеу үшін пайдаланылады. Жаңа ресурстардың анықталуы минералдық-шикізат базасын толықтыруға және ұзақ мерзімді перспективада кен орнының пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp