Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақмыс» Жамбыл облысындағы 250 отбасыға көмек көрсетті

Малика Хамит · · 61 қаралым
«Қазақмыс» Жамбыл облысындағы 250 отбасыға көмек көрсетті

«Қазақмыс» өзіне қатысы бар өңірлерде әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Шу ауданындағы Көкқайнар, Шоқпар, Бірлік, Бірлікүстем және Қонаев ауылдарында қайырымдылық акциясы өтті.

Әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға азық-түлік себеті табысталды.

Осылайша әрбір елді мекендегі 50 отбасыға көмек көрсетіліп, жалпы акция 250 отбасыны қамтыды.

Игі бастама мереке күндері атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге және әлеуметтік жауапкершілік пен өзара қолдау құндылықтарын нығайтуға бағытталды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp