Компания кәсіпорындарында күрделі шахталық жағдайда пайдалануға арналған мамандандырылған көлік құралдары тәжірибелік-өнеркәсіптік тексерістен өтуде. Сынаққа тартылған BAW (Beijing Automobile Works) техникасы тар және орташа көлемдегі жерасты қазбаларында жұмыс істеуге бейімделген.
Арнайы техника өнеркәсіптік қауіпсіздіктің заманауи жүйелерімен жабдықталған. Оның қатарында ROPS/FOPS халықаралық стандартына сәйкес қорғаныс құрылымы, 360 градус панорамалық бейнебақылау, күшейтілген тежеу жүйесі, жылдамдықты автоматты шектеу және техникалық жағдайды бақылау жүйелері бар.
Мамандардың айтуынша, бұрын пайдаланылған жалпы мақсаттағы көліктермен салыстырғанда жаңа техника күрделі жағдайда тұрақты жұмыс істеп, пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Алғашқы сынақ қорытындылары жаңа техниканың еңбек қауіпсіздігін күшейтіп, жабдықтардың бос тұрып қалуын қысқартуға және өндірістік үдерістің тиімділігін арттыруға ықпал ететінін көрсетті.
Қазір корпорация аталған техниканы өндірістік алаңдарға кезең-кезеңімен енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.