Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақмыс» Жезқазған зауытында желдету жүйесін жаңартып жатыр

Малика Хамит · · 962 қаралым
«Қазақмыс» Жезқазған зауытында желдету жүйесін жаңартып жатыр

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытындағы мыс электролизі цехының катод учаскесінде желдету жүйесін жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жоба өндірістік қауіпсіздікті күшейтіп, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған.

Кәсіпорында электролиз процесі тәулік бойы үздіксіз жүреді. Өндіріс кезінде технологиялық шаң пайда болады, ал цех жоғары температуралы өндіріс санатына жатады. Осыған байланысты тиімді ауа алмасу жүйесін орнату маңызды міндеттердің бірі саналады.

Жоба аясында 50-ден астам заманауи желдеткіш орнатылады. Жаңа жабдық қызған және ластанған ауаны сыртқа шығарып, жұмыс аймағындағы шаң көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ғимарат ішіндегі ауа айналымы жақсарады.

Желдеткіштердің бір бөлігі терезе маңына қойылған. Бұл цехқа салқын ауаның келуін қамтамасыз етіп, тұрақты микроклимат қалыптастыруға көмектеседі.

Жоба 2026 жылдың басында басталған. Қазір жабдықтарды монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын.

Компания алдағы кезеңде цехтың жалпы желдету жүйесін толық жаңғыртуды жоспарлап отыр. «Қазақмыс» бұл бастама өндірісті жаңарту, қауіпсіздікті арттыру және қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp